5 ауған әскері қаза тапты

Кабулда әскери жасақтарына ұйымдастырылған шабуылда 5 ауған әскері қаза тапты.

899101
5 ауған әскері қаза тапты

Кабулда әскери жасақтарына ұйымдастырылған шабуылда 5 ауған әскері қаза тапты.

Ауғанстанның астанасы Кабулда әскери жасақтарына ұйымдастырылған шабуылда 5 ауған әскері қаза тапты.

Ауғанстан қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде жергілікті сағат 04.00-де болған оқиғада 5 шабуылшының Кабулдың батысындағы 111. ұлттық жасағына кіруге тырысқаны білдірілді.

Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Девлет Везири түнгі қараңғыдан пайдаланған шабуылшының біреуінің әскери аймаққа кіргенде үстіндегі бомбаны жарып жіберіп басқа бір шабуылшының кіруіне мүмкіндік жасауға тырысқанын білдірді.

Везири 4 сағат жалғасқан қақтығыстан кейін үш шабуылшының мәйітінің қолға түсірілгені, бір шабуылшының тірі ұсталғанын баяндады. Сонымен қатар Везири шабуылда 5 әскердің қаза тапқанын және 10 әскердің жарақат алғанын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар