Президент Трамп Давоста Палестинаны ашық түрде қорқытты

АҚШ президенті Дональд Трамп Палестинаға қаржы жәрдемін тоқтатумен қорқытты.

897774
Президент Трамп Давоста Палестинаны ашық түрде қорқытты

АҚШ президенті Дональд Трамп Палестинаны ашық түрде қорқытты.

Иерусалим бастамасында табыссыз болған Трамп тағы бір рет Палестинаға қаржы жәрдемін тоқтатумен қорқытты.

Трамп Швецияның Давос ауданында ұйымдастырылған 48-ші Бүкіләлемдік экономикалық форумда (WEF) Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен кездесуінің артынан баяндама жасады.

АҚШ тарапынан қаржы жәрдемінің қамтамасыз етілуі үшін Палестинаның Израильмен бейбітшілік келіссөздерін қайта бастау керектігін атап көрсеткен Трамп Палестина әкімшілігінің өткенде АҚШ президентінің орынбасары Майк Пенстің зияратын бойкот ету шешімін «құрметсіздік» деп бағалады.

Трамп «Бір апта бұрын біздің вице-президентімізді қабылдамай бізге құрметсіздік жасалды. Біз оларға жүз мыңдаған доллар қаржы жәрдемі жасаймыз. Осы ақша келіссөз процесі басталғанша оларға төленбейді» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху болса Палестина келіссөздері үшін жаңа бір модельдері бар екенін атап көрсетті.

Бұл модель палестиналықтардың өзін өзі басқаруына жағдай берсе де, аймақтағы қауіпсіздіктің Израильдің бақылауында болуын қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар