"Түркияның өзін қорғау құқығы бар"

НАТО Бас хатшысы Түркияның операциясы жайлы айтты.

897659
"Түркияның өзін қорғау құқығы бар"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты Түркияның басқа елдер секілді өзін қорғау құқығы бар екенін айтты.

Испанияға сапарлай барған Йенс Столтенберг Қорғаныс министрі Мария Долорес де Коспедалмен кездесіп, артынан баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Столтенберг Түрік Қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында террорлық ұйымдар PYD/PKK және DEAŞ-қа бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясы жөнінде айтты.

НАТО  Бас хатшысы Түркияның террорлық шабуылдарға ең көп ұшыраған НАТО мүшесі ел екенін айтты. Оның айтуынша Түркия да басқа елдер секілді өзін қорғауға құқығы бар.

Президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткен апта сөйлескенін еске салған Столтенберг Америка Құрама Штаттары секілді басқа елдермен де жүйелі түрде байланыста екенін айтты. НАТО Бас хатшысы Түркия мен АҚШ арасындағы тікелей диалог болуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар