Асад күштері Шығыс Гутада бейбіт адамдарды қырды

Сирияның Шығыс Гутадағы бейбіт адамдарға бағытталған шабуылдары жалғасуда.

893260
Асад күштері Шығыс Гутада бейбіт адамдарды қырды

Қоршауға алынған қалаға сенбі күні жасалған шабуылда 16 жазықсыз адам қаза тапты.

Асад қарасты күштерінің ауыр қарулармен Шығыс Гутаға бағытталған шабуылдарында бір базар нысанаға алынды.

Осы жердегі шабуылда 9 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Сирия режимі Хамурийе, Эрбин, Әл-Марж және Замалка аудандарын да нысанаға алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Шығыс Гутада 500 адамның денсаулығының нашарлағанын және аймақтан тез арада емделуі үшін эвакуациялау керектігін жариялады.

Шығыс Гута Түркия, Иран және Ресей тарапынан белгіленген 4 қақтығыссыз аймақтың бірі ретінде белгіленген болатын.



Ұқсас жаңалықтар