Нигерияда қос террор шабуылы

Нигерияда террор ұйымы Боко Харамның қос бомбалы шабуылында 12 адам қаза тапты.

891006
Нигерияда қос террор шабуылы

Нигерияда террор ұйымы Боко Харам жасаған қос бомбалы шабуылда 12 адам қаза тапты, 48 адам жарақат алды.

Полиция дирекциясы лауазымдысы Дамиян Чукву шабуылдың елдің солтүстік шығысындағы Майдугури уәлаятына қарасты Алай Фадаудағы базарда жасалғанын және аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін атап көрсетті.

Нигерияда 2000 жылдан бастап шабуылдар жасаған Боко Харам террор ұйымы басшысы Мұхаммед Юсуфдың тергеу кезінде қаза табуының артынан 2009 жылы топтық шабуылдар басталды.

Террор ұйымының шабуылдары және қақтығыстар себепті жүз мыңдаған адам қоныс аударуға мәжбүр болды.



Ұқсас жаңалықтар