Екі баланы шейіт етті

Израиль әскерлері палестиналық екі баланы өлтірді.

886571
Екі баланы шейіт етті

Израиль әскерлері басқыншылық астындағы Батыс Шерия мен Газа шекарасында палестиналық екі баланы шейіт қылды.  Үш адам жарақат алды.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ешреф әл-Кудра босқын лагерінің шығыс жағында АҚШ-қа наразылық акциясы барысында 16 жасар Емир Адбулхамит әбі Мұсаид атты баланың шейіт болғанын білдірді.

Осы оқиғада үш адам жарақат алған.

Министрліктің жазбаша хабарламасында да Израиль әскерлерінің Батыс Шерияның солтүстігіндегі Наблус қаласына қарасты Ирак Бурин ауылында палестиналық бір баланы өлтіргені хабарланды.

Шейіт болған Али Амр Кайну де 16 жасар болатын.



Ұқсас жаңалықтар