"Халықтың сөзіне құлақ асу керек"

Аятолла Әли Хаманей халықтың талаптары мен тәртіпсіздік жасағандарға бөлек қарау керектігін айтты.

885405
"Халықтың сөзіне құлақ асу керек"

Иранның діни лидері Аятолла Әли Хаманей халықтың талаптары мен тәртіпсіздік жасағандарға бөлек қарау керектігін айтты.

Хаманей бас қала Тегеранда сөйлеген сөзінде лауазым иелерін халықтың сөздеріне құлақ асуды және мүмкіндігінше талаптарын орындауға шақырды.

Әли Хаманей «Шетелдердің заңды талаптарды көтеріліске айналдыру ойынына тойтарыс бердік» деді.

Сонымен қатар 28 желтоқсан күні басталған наразылық акцияларында ел көлемінде шамамен 3700 адамның қамауға алынғаны білдірілді.

Ирандық бір депутат бұлардың 40-70-інің студент екенін айтты.

Лауазым иелері қамаудағы екі адамның өздеріне қол жұмсағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар