Ирак Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыруды қалауда

Абади Түркиямен көптеген салада қою ынтымақтастық жасағанын білдірді.

885152
Ирак Түркиямен ынтымақтастықты жалғастыруды қалауда

Абади Түркиямен көптеген салада қою ынтымақтастық жасағанын білдірді.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади Түркиямен болған сауда, шекара тексерулері және мұнай тасымалдау сынды ынтымақтастықтың жалғасуын қалағандарын айтты.

Хайдар әл-Абади астана Бағдатта ұйымдастырылған апталық баспасөз жиналысында мемлекетінің көршілес елдермен қарым-қатынастарды дамытқысы келгенін, сондай-ақ Түркиямен көптеген салада қою ынтымақтастық жасағанын білдірді.

Абади «Түркиямен сауда, шекара тексерулері және мұнай тасымалдау сынды саласындағы ынтымақтастықтың жалғасуын қалаймыз. Жейхан кемежайына мұнай тасымалдаған құбыр желісінің құрылысы да таяуда аяқталады» деді.

Абади Ирак күрд аймақтық әкімшілігіндегі қызметкер айлықтарын өзінің жеке әдістерімен төленетінін баяндап, «Мағаштардың саяси партиялар емес, азаматтардың қолына тиюі керек. Ирак күрд аймақтық әкімшілігі 2017 жылы ішінде 7,5 миллиард долларлық мұнай экспортын жасады. Мұнай және кеденнен түскен кірістердің қайда кеткенін жарияласын» деді. 



Ұқсас жаңалықтар