Йеменде коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшағы құлады

Ұшақтағы 2 ұшқыштың құтылғаны білдірілді

883667
Йеменде коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшағы құлады

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде соғыс ұшағының Сада қаласында техникалық ақау себепті құлағанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде апаттан құтылған 2 ұшқыштың оқиға орнынан эвакуацияланып, Сауд Арабиясына апарылғаны атап көрсетілді.

Хоуситтердің «Әл-Месире» атты телеарнасы ұшақтың атқылағанын алға тартты.

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздықпен күрескен Йеменде заңды билікті төңкеріс жасаған хоуситтер 2014 жылдан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтарды бақылауында ұстайды. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылы наурыз айынан бері Йемен үкіметіне қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар