Орыс соғыс ұшақтары Шығыс Гутада бейбіт адамдарға шабуылдады

Сирия режимінің қоршауындағы Шығыс Гутаға соғыс ұшақтарының шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 20 адам қаза тапты.

881577
Орыс соғыс ұшақтары Шығыс Гутада бейбіт адамдарға шабуылдады

Сирияда режим күштерінің қоршауындағы Шығыс Гутаға соғыс ұшақтарының кеше түнгі уақытта жасаған тығыз шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 20 бейбіт адам қаза тапты.

Азаматтық қорғаныс тобының мағлұматтарына қарағанда орыс әуе күштері Шығыс Гутаны қоршауға алған және үздіксіз шабуылдаған режим күштеріне қолдау үшін аймақтағы бейбіт тұрғын аймағын бомбалады.

Соғыс ұшақтарының Шығыс Гутаның Мисраба ауданына кеше кешкі уақытта жасаған шабуылдарында біреуі азаматтық қорғаныс тобы мүшесі барлығы 11 адам қаза тапты.

Арбин ауданына жасалған шабуылда 6 бейбіт адам мен Бейт Сава ауданына жасалған шабуылда екеуі бала 3 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар