АҚШ-тың үстінен шағым түсті

Иран АҚШ-ты ішкі істерге араласты деп айыптап, БҰҰ-ға шағымданды.

881406
АҚШ-тың үстінен шағым түсті

Иран елдегі наразылық акцияларына байланысты Америка Құрама Штаттарын ішкі істерге араласты деп айыптап, БҰҰ-ға шағымданды.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Голамали Хошро БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гетерреш және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап: «АҚШ үкіметі акцияларға қолдау беру мақсатымен Иранның ішкі істеріне килігуін арттырды. АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президенті Майк Пенс әлеуметтік желіде көптеген дәйексіз жазба жариялап, ирандықтарды арандатып отыр» деді.

Иран өкілі Америка Құрама Штаттарын халықаралық құқық және БҰҰ келісімін бұзды деп айыптады. Хошро Трамп әкімшілігінің Иран жөніндегі сөздерін айыптауға шақырды.


Этикеттер: #АҚШ , #Иран , #шағым , #БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар