Ауғанстанда 1 АҚШ әскері өлтірілді

Нангархар уәлаятының Ачин ауданында ДАИШ-тік террористтермен қақтығыста АҚШ-тың 1 әскері өлтіріліп, 4 әскері жарақат алды.

880635
Ауғанстанда 1 АҚШ әскері өлтірілді

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятының Ачин ауданында террористтермен қақтығыста американдық 1 әскер өлтірілді, 4 әскер жарақат алды.

АҚШ жасаған мәлімдемеде Ачин ауданында террористтермен шыққан қақтығыста 1 АҚШ әскерінің өлтірілгені, ДАИШ-тік террористердің 4 АҚШ әскерін де жаралағаны атап көрсетілді.

Жеңіл жарақат алғаны 2 әскердің емделіп ауруханадан шыққаны атап көрсетілген мәлімдемеде қақтығыстың қай топтар немесе тұлғалармен жасалғаны білдірілмеді.

Ачин қала әкімі Мұхаммед Исмаил Шинвари АҚШ әскерлерінің ауған қауіпсіздік күштерімен бірге Ачинде ұйымдастырған ортақ операция кезінде террор ұйымы ДАИШ мүшелерімен шайқасқанын атап көрсетті.

Шинвари қақтығыста бір АҚШ әскерінің өлтірілгенін білдірді. Қақтығыс болған Ачин ауданы ДАИШ-тің шығыстағы қорғаны деп белгілі.



Ұқсас жаңалықтар