Ұлыбританиядан 2018 жыл үшін болжам

Министр 2018 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең нашар гуманитарлық дағдарыстардың бірі болуы мүмкін екенін айтты.

880101
Ұлыбританиядан 2018 жыл үшін болжам

Ұлыбритания Халықаралық даму министрі Пенни Мордаунт 2018 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең нашар гуманитарлық дағдарыстардың бірі болуы мүмкін екенін айтты.

«The Telegraph» газетінің хабарына қарағанда, Ұлыбритания Халықаралық даму министрі Пенни Мордаун: «2017 жыл қорқынышты гуманитарлық дағдарыстар болған жыл болса да,  2018 одан да нашар болуы мүмкін» деді.

Ұлыбритания Халықаралық даму министрлігі БҰҰ Гуманитарлық көмек кеңсесіне қосымша 21 миллион доллар бағыштауға дайындалуда.

Аталмыш көмек таласты аймақтарда 13 миллион адамға таза ауыз суы қамдалып, медициналық шарттардың жақсартылуы және 9 миллион адамның азық-түлік мұқтаждығының қамдалуы үшін қолданылады.

БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары Стефен О’Брайн наурыз айында әлемнің 1945 жылдан бергі ең ірі гуманитарлық дағдарыстан өтіп жатқанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар