Иран елбасы Хасан Рухани мәлімдеме жасады

Елбасы Рухани халықты провокацияларға қарсы абай болуға шақырды.

879438
Иран елбасы Хасан Рухани мәлімдеме жасады

Мешхед қаласында бейсенбі күні басталған наразылық шерулерінің артынан алғаш рет мәлімдеме жасаған Рухани халықты провокацияларға қарсы абай болуға шақырды.

Ел көлеміндегі ереуілдер тақырыбымен жиналған үкімет жиналысының артынан мәлімдеме жасаған Рухани атазаң мен азаматтық құқықта атап көрсетілгендей халықтың сынға алу және наразылық көрсету еркіндігіне ие екенін атап көрсетті.

Рухани «сындар мен наразылықтар ел мен адамдардың тіршілігін одан да жақсартатындай болу керек» деді.

Иран елбасы халық тап болған экономикалық кейбір мәселелердің өткен үкіметтерден бері жалғасып келе жатқанын, кейбіреулерінің болса қазіргі жағдайлармен байланысты екенін атап көрсетті.

Рухани қоғамдық наразылықтың елге зиян келтірмеу керектігін білдірді.

Рухани «Елді дұшпандар пайдаланатын күйге келтірмеу керек. Әрі аймағымыз, әрі еліміз нәзік бір кезеңнен өтіп жатыр. Осы кезеңде жастар мен халқымызды провокацияларға қарсы абай болуға шақырамын» деді.

Қоршаған орта ластығы, жұмыссыздық, экономикалық, әлеуметтік және саяси әртүрлі мәселелердің бар екенін еске салған Рухани «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуіміз керек және халық жұмыстарымызды қадағалауға тиісті. Бұл мәселелер шешуіміз керек, бірақ қай жолмен?» деді.



Ұқсас жаңалықтар