Путин Санкт-Петербургтегі жарылыстың террор шабуылы екенін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургтегі жарылыстың террор шабуылы екенін білдірді.

877460
Путин Санкт-Петербургтегі жарылыстың террор шабуылы екенін мәлімдеді

Владимир Путин Кремльде Сириядағы террорист топтарға қарсы күрес операцияларына қатысқан орыс әскерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеме жасады.

Путин «Санкт-Петербургте кеше бір террор шабуылы жасалғанын білеміз. Федеральдық қауіпсіздік органы (FSB) да жоспарланған тағы бір террор шабуылының алдын алды» деді.

Путин сондай-ақ өмірлеріне қауіп төнген жағдайда қауіпсіздік күштерінің террор күдіктілеріне қарсы «тұрақты күш қолдану», яғни оларды өлтіру жауапкершілігі бар екенін еске салды.

Санкт-Петербургте Перекресток атындағы сауда дүкенінде кеше болған жарылыста 5 адам ауыр күйде, барлығы 13 адам жарақат алған болатын.

Жарылысқа тұтынушылар заттарын кілттеп қалдырған шкафтардың біріне орналастырылған 200 килограмм қолдан жасалған бомбаның себеп болғаны атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар