Израиль соты 3 түріктің Шығыс Иерусалимге кіруіне тыйым салды

Израиль полициясы тарапынан Шығыс Иерусалимде тұтқындалған 3 түрік еркін жіберілді.

874468
Израиль соты 3 түріктің Шығыс Иерусалимге кіруіне тыйым салды

Иерусалимге Палестинаға қолдау беру үшін барған кезде тергеуге алынған 3 түрік соттың шешімінің артынан кепілдікпен босатылды.

Алдынғы күні жұма намазының артынан шерулерге қатысқаны себепті Адем Коч тергеуге алынған болатын.

Сол күні кешкі намаздың артынан бір топ түрік Әл-Акса мешітінің Каттанин қақпасында шыққан шудың ішінде қалды.

Әрі Түркия, әрі Бельгия азаматы Абдуллах Кызылырмак пен Мехмет Каргылы тергеуге алынды.

Үш түрік сотқа шығып, кепілдікпен босатылды.

Түріктердің Әл-Акса мешіті орын алған басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимнің қорғанмен қоршалған Ескі қала аймағына кіруіне 2018 жылдың 1 қаңтар күніне дейін тиым салынды.

Түркияның Тель-Авив өкілетті елшілігі мен Иерусалим бас консулдығынан лауазымдылар да қадағалаған сот процесіне Белгиялық лауазымдылар қатыспады. Сот процесіне жергілікті және халықаралық баспасөз қызығушылық танытты.



Ұқсас жаңалықтар