Мосул операциясында 11 мың бейбіт адам қаза тапты

Ағылшын «The Times» газеті Мосул операциясында мың 260 емес, 11 мың бейбіт адамның қаза тапқанын алға тартты

873156
Мосул операциясында 11 мың бейбіт адам қаза тапты

Ирак үкіметі тарапынан қаза тапқандар саны мың 260 деп жарияланған Мосул операциясында 11 мың бейбіт адамның қаза тапқаны алға тартылды.

Ағылшын «The Times» газеті Мосулды ДАИШ-тен құтқару операциясында қаза тапқан жазықсыз адам санының болжалғаннан 10 есе көп екенін жазды.

Бейбіт адамдардың бір бөлігінің әуе шабуылдары, зымыран, снаряд және ирактық күштердің шабуылы кезінде қаза тапқаны, бір бөлігінің болса ДАИШ тарапынан өлтірілгені атап көрсетілді.

Американдық «Ассошиэйтед пресс» агенттігінің зерттеуіне қарағанда Мосул операциясы кезінде қалада тіркеулі 9 мың 606 бейбіт адам қаза тапты.

Агенттік 9 айға созылған операция барысында болжамдарға қарағанда, 9 бен 11 мың арасында жазықсыз адамның өлтірілгені, ДАИШ тарапынан өлтіріліп топтық мазарларға жерленгендер санының бұл есепке қосылмағанын жазды.

АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция кейде әуе шабуылдарында жазықсыз адамдарды атқанын мойындаған, Ирак премьер-министрі операция бойынша жалпы мың 260 бейбіт адамның қаза тапқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар