2017 жылдың ең ірі медициналық материал көмегі

Йеменге 2017 жылдың ең ірі медициналық материал көмегі келіп жетті.

872812
2017 жылдың ең ірі медициналық материал көмегі

Бүкіләлемдік Денсаулықты сақтау ұйымы Йеменге 2017 жылдың ең ірі медициналық материал көмегін жеткізді.

Ұйымның Йемендегі кеңсесінің хабарламасына қарағанда, 70 тоннадан көп медициналық материал, дәрі-дәрмек, хирургиялық операция құралдарын тасыған ұшақ Сана әуежайына қонды.

Осы арада Бүкіләлемдік Денсаулықты сақтау үйымының Йемендегі қкілі Невио Загариа болса хоуситтердің Саба агенттігінде жарияланған мәлімдемесінде мұның ұйымның 2017 жылы жасаған ең үлкен көмегі екеніне назар аударды. Загариа Худейде портындағы шектеулер салдарынан ұйымның көмектерін ұшақпен Санаға жеткізуге мәжбүр болғандарын,  мұның қатынас қаражатын бес есе арттырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар