АҚШ-тың вето шешіміне Палестина мемлекеті наразылық көрсетті

Палестина әкімшілігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған Иерусалим жобасын вето еткен АҚШ-қа наразылық көрсетті.

871346
АҚШ-тың вето шешіміне Палестина мемлекеті наразылық көрсетті

Палестина әкімшілігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне (БҰҰҚК) ұсынылған және «АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану» шешімін «заңдық тұрғыдан үкімсіз» деп есептейтін жобаның АҚШ тарапынан вето етілуіне наразылық көрсетті.

Палестина ресми хабар агенттігі «WAFA»-ның хабарына қарағанда Мемлекеттік мәлімдемеші Небил Әбу Рудейне жасаған жазбаша мәлімдемеде Палестина әкімшілігінің АҚШ-тың ветосын «халықаралық қоғамға құрметсіздік» екенін атап көрсетті.

«Ветоның халықаралық консенсуске, халықаралық заңды шешімдермен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдеріне қарама-қайшы екенін, сондай-ақ басқыншы және шабуылдаушы Израильді жақтаушысы» екенін атап көрсеткен Әбу Рудейне «Вето АҚШ-тың жалғыздығын арттырады. Сондай-ақ халықаралық қоғамды арандатады» деді.

Әбу Рудейне Палестина әкімшілігінің БҰҰ және халықаралық барлық мекемелерде халықтың құқығын қорғау талпыныстарын жалғастыратынын атап көрсетті.

Хамас жасаған жазбаша мәлімдемеде болса жобаны вето еткен АҚШ-тың елдің әділ бір бітімгер ретінде Палестина мәселесіне шешім табатыны жөніндегі сенімін жоғалтқанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде АҚШ әкімшілігінің вето шешімімен халықаралық мекемелер және олар қабылдаған қарарларды үстемдігіне алу саясатын жүргізгенін атап көрсетті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналысының палестиналықтардың Иерусалимдегі құқығын бекіту және тақырыппен байланысты БҰҰ қарарларымен беделін қайтару үшін бір мүмкіншілік екені атап көрсетілген мәлімдемеде Иерусалимнің Палестина мемлекетінің мәңгі астанасы екені, АҚШ пен Израиль қабылдайтын шешімдердің бұл шындықты өзгерте алмайтыны білдірілді.

Мәлімдемеде АҚШ-тың аталмыш шешім себепті аймақта пайда болған тұрақсыздықтың жауаптысы болатыны атап көрсетілді.

Бүкіләлемдік Мұсылман ғұламалар бірлестігі Бас хатшысы Али Карадаги болса твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың Иерусалиммен байланысты жобаны вето етуін «террор және әлем мемлекеттерін елемеуі» деп бағалады.



Ұқсас жаңалықтар