36 мың бала жедел көмекке мұқтаж

14 мың бала ата-анасыз өмір сүруде.

871401
36 мың бала жедел көмекке мұқтаж

БҰҰ Ливияда шамамен 400 мың босқын арасындағы 36 мың баланың жедел көмекке мұқтаж екенін білдірді.

БҰҰ Ливия миссиясының ресми парақшасында жарияланған хабарламада қай елден екендері айтылмаған 14 мыңнан астам баланың отбасы және тумаластарынан алыс өмір сүріп жатқаны атап көрсетілді.

Аталмыш деректер ЮНЕСКО және Халықаралық Миграция ұйымының көрсеткіштеріне сүйене отырып берілген.

Биыл 15 мыңға жақын бала отбасынсыз Жерорта теңізіндегі түрлі қауіп-қатерден кейін Италияға келіп жеткен. Жолда қаза тапқан бала саны 400 деп айтылады.

Елдеріндегі қақтығыс және қауіпсіздік проблемасына себебімен Еуропаға жеткісі келетін көптеген африкалық босқын Ливия ротасын қолданады.



Ұқсас жаңалықтар