АҚШ-қа наразылықтар жалғасуда

Шын оқ қолданылған тойтарыста 33 палестиналық жарақат алды.

869085
АҚШ-қа наразылықтар жалғасуда

Израиль әскерлері Батыс Шерия мен Иерусалимдегі наразылық акцияларына тойтарыс берді. Шын оқ қолданылған тойтарыста 33 палестиналық жарақат алды.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың шешіміне наразылықтар жалғасуда.

Батыс Шерия мен Иерусалимдегі наразылық акцияларына Израиль әскерлері шын оқ қолданып килігуде.

Оқиғада 114 палестиналық азаматқа түрлі газдар әсер етті. Бүгінге дейін осындай наразылық акцияларында 4 азамат қаза тапты, мыңнан астам адам жарақат алды.

Сонымен қатар Марокконың бас қаласы Рабатта кезектен тыс жиналған Араб елдері парламенттер кеңесінің басшылары Трамптың шешімінің жарамсыз және заңсыз екенін айтып,  АҚШ-ты бейбітшілік процесінде бітімгерлік міндетінен кетуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар