Орыс дипломатиялық қызметкерлері эвакуацияланды

Ресей Йемендегі елшілік қызметкерлері және Сана қаласындағы азаматтарын көшіріп алып кетті.

867100
Орыс дипломатиялық қызметкерлері эвакуацияланды

Ресей Йемендегі елшілікте жұмыс істейтін қызметкерлер және Сана қаласындағы азаматтарын көшіріп алып кетті.

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Ресей Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерімен үйлесімді түрде елшілік қызметкерлері мен азаматтарын эвакуациялады.

Орыс ұшағы азаматтарды әуежайдан алды.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Ресейдің Йемендегі дипломатиялық қызметін тоқтатуға шешім қабылдағанын білдірген болатын.

Захарованың айтуынша орыс дипломатиялық қызметкерлерінің кейбірі осы елден эвакуацияланды, кейбірі міндеттерін Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядтан атқарады.



Ұқсас жаңалықтар