Еуроодақ Израиль премьер-министріне қолдау бермеді

Еуроодақ сыртқы істер министрлері Израиль премьер-министріне өкілетті елшіліктерін Иерусалимге көшіргісі келмегенін білдірді.

866492
Еуроодақ Израиль премьер-министріне қолдау бермеді

Еурокомиссия төрағасы Джан-Клод Юнкер және Еуроодақ сыртқы істер министрлерімен кездесу үшін Бельгияға барған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Еуроодақтан күткен қолдау мен жақындықты көрмеген соң Юнкермен кездесуінен бастартып, еліне оралды.

Израильден Еуроодаққа 22 жылдан кейін алғаш рет премьер-министр деңгейінде бір сапар ұйымдастырылуына қарамастан ресми қарсы алу ережесі бұзылып, Нетаньяхудың Еуроодақ Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Федерика Могарини тарапынан қарсы алынуы назар аударды.

Могарини және Еуроодақ мүшесі елдердің сыртқы істер министрлерімен азанғы жұмыс асыға қатыспастан бұрын баспасөзге мәлімдеме жасаған Нетаньяху барлық Еуроодақ елдерінің АҚШ президенті Дональд Трамптың 6 желтоқсан күні Иерусалимнің мәртебесі мен «Иерусалимнің Израильдің астанасы» ретінде тану шешіміне бағынып, өкілетті елшіліктерін Иерусалимге көшіретінін және Иерусалимді Израильдің астанасы деп танитынын ойлағандарын тілге тиек еткен болатын.

Дегенмен Нетаньяхудың сыртқы істер министрлерімен кездесуінің артынан баспасөз жиналысы өткізген Могарини «Нетаньяху бұл арманын басқа елдер үшін сақтауы мүмкін. Еуроодақ бұл туралы қадам баспайды» деді.

Могарини Еуроодақ мүшесі 28 елдің сыртқы істер министрлерінің мұны премьер-министр Нетаньяхуға ашық түрде жеткізгенін атап, «Сыртқы істер министрлері Нетаньяхуға Еуроодақ Иерусалимнің екі мемлекеттің де астанасы болуын қамтамасыз ететін екі мемлекетті шешім тақырыбында толығымен ортақ көзқараста екенін тікелей көрсетті» деді.

Жиналыс кезінде Еуроодақ сыртқы істер министрлері АҚШ-тың Иерусалимді «астана» ретінде жариялау қарарына қатаң наразылық білдіріп, өкілетті елшіліктерін Иерусалимге көшіргісі келмегенін бекітті.

Еуроодақ сыртқы істер министрлерінен күткен қолдауды көрмеген премьер-министр Нетаньяху Джан-Клод Юнкермен кездесуінен бастартып, Брюссельден оралды.

Кездесуден бастарту себебімен байланысты ресми бір мәлімдеме жасалмады, бірақ Еуроодақ лауазымдылары Израиль делегациясының ыңғайсыз ауарайы шарттарын сылтауратқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар