Араб лигасы Палестина мемлекетін тануға шақырды

Араб лигасы сыртқы істер министрлері халықаралық қоғамды бас қаласы Шығыс Иерусалим болған Палестина мемлекетін тануға шақырды.

865006
Араб лигасы Палестина мемлекетін тануға шақырды

Араб лигасы Сыртқы істер министрлері АҚШ-қа Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде тану шешімін жоюға шақырды.

Араб лигасы Сыртқы істер министрлері Палестина және Иорданияның шақыруымен Мысырдың бас қаласы Каирде Иерусалиммен байланысты кезектен тыс жиналды.

Жиналыстың артынан жарияланған 16 баптан тұратын қорытында декларацияда «АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған қарардың үкімі жоқ. Бұл халықаралық құқық пен БҰҰ қарарларының бұзылуы деген мағынаға келеді. АҚШ шешімінің заңды бағыныштылығы жоқ» деп бағалады.

Декларацияда Вашингтон әкімшілігінің Израильге жақтас болғаны үшін бейбітшілік кезеңіндегі бітімгерлік ролінен өзін-өзі босатқаны аталып, АҚШ әкімшілігі қарарды жоюға шақырылды.

Араб лигасы Сыртқы істер министрлері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне де шақыру тастап, Вашингтонның бұл заңсыз қадамын қабылмайтын бір шешім қабылдау керектігіне де назар аударды.

Сыртқы істер министрлері халықаралық қоғамды болса, бас қаласы Шығыс Иерусалим болған Палестина мемлекетін тануға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар