БҰҰҚК Иерусалим үшін жиналды

БҰҰҚК Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімін талқылау үшін жиналды.

864825
БҰҰҚК Иерусалим үшін жиналды

БҰҰҚК Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімін талқылау үшін жиналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімін талқылау үшін жиналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Орташығыс бейбітшілік процесі координаторы Николай Младенов  Трамптың шешімінен кейін аймақта қанды оқиғаның өрбу қаупі болғанын түсіндірді.

Младенов БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің «Израиль-Палестина мәселесінің тікелей келіссөздермен шешілуі керектігі» және «екі мемлекеттік шешімге Б жоспарының болмағанын» қайталады.

Америка Құрама Штаттарының арнайы өкілі Никки Хейли болса, Трамптың шешімінің бейбітшілік принциптеріне бағытталғанын алға тартты.

Жиналыста Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия және Швеция елшілері Трамптың шешіміне қосылмағандарын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар