АҚШ Иерусалимді Израильдің астанасы деп танитынын жариялайды

Дональд Трамп АҚШ елшілігінің көшірілуі үшін нұсқау бергенін білдіреді.

862613
АҚШ Иерусалимді Израильдің астанасы деп танитынын жариялайды

Ақ Үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде танитынын жариялайтынын білдірді.

Тақырыпқа байланысты «Президент Тель-Авивтегі Америка елшілігінің Иерусалимге көшірілуі үшін дайындықтың басталуына нұсқау бергенін паш етеді» деп айтылды.

Аты-жөні жарияланбаған лауазым иесі «Президент АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде танитынын жариялайды.  Айырықша Сыртқы істер министрлігіне Тель-Авивтегі АҚШ елшілігінің Иерусалимге көшірілуі дайындықтарын бастау үшін нұсқау бергенін де білдіреді» деді.

«Президент Иерусалимді әрі Израильдің тарихи жағынан астанасы деп, әрі бүгін іс жүзінде Израильдің көптеген басқару органының сол қалада екенін таниды» деді ол.

Лауазым иесі «Тель-Авивтегі елшілікте шамамен мың шақты қызметкер жұмыс істейді.  Оларды бүгін көшіру үшін жер жоқ.  Осындай бір жер табу, қауіпсіздік шараларын қабылдау және ғимаратты салу әрине уақыт алады» деді.

Ақ Үйдегі лауазым иесі сонымен бірге осы шешімнің АҚШ-тың Палестина және Израиль арасындағы шекара және басқа да проблемалардағы саясаты өзгереді деген мағынаға келмейтінін де атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар