Хамас пен Фатх делегациялары Мысырда бас қосты

Хамас пен Фатх делегациялары Палестина келіссөз үкіметін құру жұмыстары аясында Мысырдың астанасы Каирде бас қосты.

860678
Хамас пен Фатх делегациялары Мысырда бас қосты

Хамас саяси бюросы мүшесі Хусам Бедран жасаған жазбаша мәлімдемеде Хамас пен Фатх делегацияларының Каирдегі бас қосуда келіссөзбен байланысты дау-дамайлы тақырыптарды қолға алғанын атап көрсетті.

Алдында қол қойылған келісімдердің іске қосылуы үшін келіссөздердің толықтырылатынын білдірген Бедран егжей-тегжейлі мағлұмат бермеді.

Хамастың келіссөзбен байланысты ұстанымын болымды деп бағалаған Бедран Палестина үкіметінің Батыс Шерия және Газа секторындағы міндеттерін бірге орындау керектігін жеткізді.

Фатх қозғалысы болса келіссөз процесі жайлы мәлімдеме жасамады.

Хамас пен Фатх делегациялары Мысырдың бас қаласы Каирдегі келіссөздер аясында 12 қазан күні Палестинаның бөлшектенуін жоятын «Келіссөз келісімін» бекіткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар