АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ортақ жаттығуы басталды

АҚШ пен Оңтүстік Корея әуе күштерінің ортақ әскери жаттығуы басталды.

860861
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ортақ жаттығуы басталды

АҚШ пен Оңтүстік Корея әуе күштерінің ортақ әскери жаттығуы басталды.

Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Корея әуе күштерінің осы таңға дейінгі ең үлкен ортақ әскери жаттығуы басталды.

5 күн жалғасатын ауқымды оқу-жаттығуға АҚШ пен Оңтүстік Корея қарулы күштерінің 12 мың әскери қызметшісі мен 230-дан астам ұшағы қатысады.

Yonhap агенттігінің атап өтуінше, бұл АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға алты бірдей Raptor жойғышын жіберіп отырған алғашқы оқу-жаттығуы және бұл «екі одақтас елдің КХДР-ға қысым жасау ниетімен күштерін көрсету» болуы мүмкін.

Оңтүстік Корея тарапынан жаттығуға F-15K, KF-16, F-5 ұшақтары және өзге әскери машиналар қатысады.



Ұқсас жаңалықтар