Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон отставкаға кетпейді

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасады.

860113
Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон отставкаға кетпейді

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның отставкаға кетпейтінін мәлімдеді.

Тиллерсонның міндеттен кететіні жөнінде шыққан хабарларды теріске шығарған Трамп ресми Twitter парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Медиа Рекс Тиллерсонды жұмыстан қуғаны немесе жақында отставкаға кететіні жайлы спекуляциялар жасауда. Жалған хабар. Ол кетпейді және белгілі тақырыптарда ортақ көзқараста, бірге жұмыстанамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар