Катар БАӘ Сыртқы істер министрінің қауесетін теріске шығарды

Катардың Йеменде қақтығысқан хоуситтер мен Али Абдуллах Салих арасында бітімгерлік жасағаны жайлы қауесеттер теріске шығарылды.

860155
Катар БАӘ Сыртқы істер министрінің қауесетін теріске шығарды

Катардың Йеменде қақтығысқан хоуситтер мен төңкерілген басшы Али Абдуллах Салих арасында хоуситтер жағынан бітімгерлік жасағаны туралы қауесеттер теріске шығарылды.

Катар Сыртқы істер министрлігіне қарасты баспасөз офисі жауапкері Ахмет бин Саид эр-Рахими әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Сыртқы істер министрі Энвер Каркаштың «Катардың хоуситтерді құтқару үшін бітімгерлік жасағаны» жайлы мәлімдемесін теріске шығарды.

«Ешқандай шындыққа жатпайтын бір ақпараттың ресми бір тұлға тарапынан ортаға тасталғаны әдепсіздікке жатады» деген эр-Рахими аталмыш қауесеттердің Кувейтте 5-6 желтоқсан күні өтетін Шығанақ ынтымақтастық кеңесі (ШЫК) саммиті алдында Кувейт әмірінің талпыныстарын босқа шығаруды нысанаға алғанын атап көрсетті.

БАӘ Сыртқы істер министрі Каркаш «Twitter» парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Катардың хоусит содырларын құтқару үшін жасаған бітімгерлік құжаттандырылған» қауесетін алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар