АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис мәлімдеме жасады

Джеймс Мэттис Мысыр сапары кезінде ұшақтағы журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

860148
АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис мәлімдеме жасады

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис елінің Сириядағы әскери күшінің құрылымын Женевада жалғасқан келіссөз кезеңіне қолдау беретіндей өзгертетіндерін атап көрсетті.

Мэттис Мысыр сапары барысында ұшақтағы журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Бір журналист президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон әңгімесі барысында екі басшының PYD/PKK-ға қару қолдауының тоқтатылуы мәселесінде келіскенін еске салып, бұл тақырыптағы соңғы жағдайды сұрады.

Мэттис қайтарған жауабында «Сізде байқағандай дұшпан (ДАИШ), Сирияда баспасөзден көптеген адамның болжамына қарамастан жылдам қирады. Бұл кезең әдетте мұндай жылдам жүзеге аспайды» деді.

АҚШ-тың Зеңбірек майдан жасақтарын да Сириядан кері шегетінін еске салған Джеймс Мэттис операциялық тұрғыдан қақтығыстың бағытының маңызды мөлшерде әлсірегенін атап айтты.

Мэттис PYD/PKK-ға қару қолдауымен байланысты кезеңнің де президент Ердоған мен Трамп арасындағы телефон әңгімелеріне сай жүзеге асатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар