Әлемде 91 миллион адам жәрдемге мұқтаж

Әлемде 92,8 миллион адамға 22,5 миллиард долларлық жәрдем жасалуы керек.

859800
Әлемде 91 миллион адам жәрдемге мұқтаж

Әлемде 92,8 миллион адамға 22,5 миллиард долларлық жәрдем жасалуы керек.

Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі жылы жалпы әлем бойынша 91 миллион адамға жедел жәрдем жеткізу үшін 22,5 миллиард долларлық жәрдемнің қажет екенін жариялады.

БҰҰ гуманитарлық жұмыстары координациясы офисінен жасалған мәлімдемеде өткен жылы желтоқсан айында БҰҰ және одақтастарының БҰҰ 2017 Жаһандық гуманитарлық жәрдем жоспары аясында , 92,8 миллион адамға 22,5 миллиард долларлық жәрдемнің жасауы жөнінде үндеу тасталғаны еске салынды.

Мәлімдемеде жалпы әлем бойынша ұзақ жылдан бері жалғасқан қақтығыстар, табиғи апаттар, жұқпалы аурулар және қоныс аудару салдарынан 26 елдегі 136 миллион адамның жәрдемге мұқтаж болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Нигерия, Оңтүстік Судан, Сирия және Йемен сынды әлемнің ең үлкен гуманитарлық дағдарысы болған елдерде гуманитарлық жәрдемнің өте қажет екені атап өтілді. 



Ұқсас жаңалықтар