Стамбұл шабуылының тапсырмасын берген террорист өлтірілді

Грузия өткен жылы Стамбұлдағы Ататүрік әуежайына жасалған шабуылдың тапсырмасын берген террорист Ахмет Чатаевтың өлтірілгенін жариялады.

859572
Стамбұл шабуылының тапсырмасын берген террорист өлтірілді

Грузия өткен жылы Стамбұлдағы Ататүрік әуежайына жасалған шабуылдың тапсырмасын берген террор ұйымы ДАИШ мүшесі Ахмет Чатаевтың өлтірілгенін жариялады.

Грузия қауіпсіздік бюросы мәлімдемешісі Нино Гиоргобиани шешен текті Ахмет Чатаевтың 22 қараша күні ұйымдастырылған бір операциямен өлтірілгенін білдірді.

Мәлімдемеде «АҚШ-тық әріптестерімізбен ортақ жүргізген тергеу жұмыстары нәтижесінде өлтірілген террористердің бірінің Чатаев екенін анықтады» делінді.

Стамбұл Ататүрік әуежайындағы шабуылы үшін тапсырма берген террористтің «тек қол» лақапты шешен террорист Ахмет Чатаев екені алға тартылған болатын.

2016 жылы 26 маусым күні жасалған шабуылда 45 адам қаза тауып, 236 адам да жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар