ДАИШ-тен тазаланды

Ирак премьер-министрі қақтығыстар салдарынан көшіп кеткендердің де көбінің құтқарылған аймақтардағы үйлеріне оралғанын айтты.

857227
ДАИШ-тен тазаланды

Ирак премьер-министрі Хайдар әл Абади Енбар қаласының батысындағы Әл Жазира аймағының 14 мың шаршы километрлік алаңының террор ұйымы ДАИШ-тен тазаланғанын білдірді.

Үкіметтің Бағдаттағы жиналысынан кейін баспасөз өкілдеріне мәлімет берген Абади: «Қауіпсіздік күштері қазірге дейін Енбар қаласы маңында 14 мың шаршы километрлік алаңды тазалады. ДАИШ-ті өз жерімізде әскери жағынан бітірдік» деді.

Абади қақтығыстар салдарынан көшіп кеткендердің де көбінің құтқарылған аймақтардағы үйлеріне оралғанын айтты.

Ирактың территориясының шамамен үштен бірін алып жатқан Енбар қаласы 138 мың километр алаңды қамтып жатыр. Оның көбі шөлден тұрады.



Ұқсас жаңалықтар