Папа Франциск Мьянмаға барды

Католиктердің рухани лидері Папа Франциск Мьянма және Бангладеш сапарын бастады.

855939
Папа Франциск Мьянмаға барды

Католиктердің рухани лидері Папа Франциск Мьянма және Бангладеш сапарын бастады.

Сапардың алғашқы аялдамасы аракандық мұсылмандарға бағытталған қырғын болып жатқан Мьянма болды.

Осы елге келген тұңғыш папа болып табылатын Франциск әуежай жолы бойына жиналған мьянмалық католиктерге сәлем берді.  Мьянмалық католиктер Пападан бейбітшілік пен сүйіспеншілік жолдауын жасауын күтеді.

52 миллион халық тұратын елде шамамен 660 мың католик бар.

Папа Франциск Мьянма басшыларымен кездескеннен кейін елдегі қақтығыс пен қырғыннан қашқан 620 мыңнан астам Аракан мұсылмандары паналаған Бангладешке де барады.

Папаның сапары 2 желтоқсан күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар