Грузияда ұлттық аза

Грузияда ұлттық аза жарияланды.

855765
Грузияда ұлттық аза

Грузияның  Батуми қаласында бір қонақүйде шыққан өртте 11 адам қаза тапқандықтан бүгін елде ұлттық аза жарияланды.

Грузия премьер-министрі Георги Квирикашвилидің жарлығымен 27 қараша күні ұлттық аза жарияланды және елдегі барлық тулар жартылай тһменге түсірілді.

Батуми қаласындағы Леонгранд қонақүйінде жұма күні өрт шығып, Грузияның он азаматы мен  Иранның бір азаматы қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар