Шабуылда көптеген адам қаза тапты

Ариш қаласының батысындағы Әл Равдах мешітіне шабуыл жұма намазы кезінде жасалды.

854472
Шабуылда  көптеген адам қаза тапты

Мысырдың Сина түбегінде бір мешітке шабуыл жасалып,  кемінде 184 адам қаза тапты. 80-нен астам адам жарақат алды.

Ариш қаласының батысындағы Әл Равдах мешітіне шабуыл жұма намазы кезінде жасалды.

Куәгерлердің мәліметіне қарағанда,  4 көлікпен келген террористтер жамағаттың үстіне бомба лақтырды.  Артынан оқ жаудырды.

Аймақта қауіпсіздік шаралары арттырылды.

Шабуылды әлі ешкім өз мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар