Еуропа парламенті террор ұйымы тізіміндегі тұлғаларға тыйым салды

Араларында PKK мен DHKP-C де бар террор ұйымдары тізіміндегі тұлғалар мен топтардың Еуропа парламентіне кіруіне тыйым салды.

853241
Еуропа парламенті террор ұйымы тізіміндегі тұлғаларға тыйым салды

Еуроодақ бөлшектеуші террор ұйымы араларында PKK мен DHKP-C де бар террор ұйымдары тізіміндегі тұлғалар мен топтардың Еуропа парламентіне кірісіне тыйым салды.

Еуропа парламенті мүшелеріне жіберілген жарғыға қарағанда Еуроодақ төрағасы Антонио Таянидің Еуроодақ террор тізімінде орын алған тұлға, топ және құрылымдардың Еуропа парламентіне кіруіне тыйым салу жөніндегі ұсынысын дауыс көпшілігімен қабылдады.

Бұл шешім аясында Еуропа парламенті мүшелері және саяси топтардың Еуроодақ Кеңесі тізіміндегі топ пен құрылымдары өкілдік жасағандарды шақырмауы немесе Еуропа парламенті ғимараттарына кірулеріне рұқсат етпеуін сұрады.

Күдікті жағдайларда Еуропа парламентінің қауіпсіздік басқармасымен баланыс жасаулары талап етілді.

PKK террор ұйымының Еуропадағы азаматтық қоғамдары арқылы Еуропа парламентінде террор ұйымы атынан ұйымдастырған іс-шаралардың өткізілуі Түркияның наразылығын туғызады.

Анкара 2016 жылы Еуропа парламентіндегі көрмеде террор ұйымы басшысы Абдуллах Өджаланның фотосуреттеріне орын берілуін айыптаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар