Аргентинада із-түссіз жоғалған сүңгуір қайықтан хабар жоқ

Аргентина із-түссіз жоғалған «ASA San Juan» атты сүңгуір қайықты іздестіруде.

851740
Аргентинада із-түссіз жоғалған сүңгуір қайықтан хабар жоқ

Аргентина фрегаты сәрсенбі күнінен бері із-түссіз жоғалған «ASA San Juan» атты сүңгуір қайықты іздестіруде.

Сүңгуір қайықтан келгені болжалған сигналдардың сүңгуір қайықпен байланысты емес екені білдірілді.

Фрегат мәлімдемешісі Enrique Balbi лауазымдылардың Оңтүстік Атлант мұхиты айдынында жүзген кезде рация байланысы үзілген «ASA San Juan» сүңгуір қайығынан келгені болжалған 7 жер серігі сигналының тексерілгенін және сүңгуір қайықтан келмегенін анықтағандарын білдірді.

Сүңгуір қайықпен соңғы рет Аргентина Валдес түбегіне 430 шақырым су айдынында байланыс құрылды.

Әуеден және теңізден жүргізілген іздеу құтқару жұмыстарына Бразилия, Ұлыбритания, Чили, АҚШ және Уругвай қолдау береді.

Сүңгуір қайық егер тереңде емес су үстіне жақын жерде болса, экипажға 3 айға жететін азық-түлік, жанармай және оттек бар

Егер теңіздің тереңдігіне батқан болса онда сүңгуір қайықта тек қана 7 күнге жететін оттегі баршылық.

Сүңгуір қайықтың 44 адамнан тұратын экипажы арасында елдің тұңғыш әйел сүңгуір қайық қолбасшысы да бар.



Ұқсас жаңалықтар