"АҚШ әскерінің заңсыз бұйрықты орындамау құқығы бар"

Роберт Кехлер АҚШ әскерінің президенттің ядролық шабуыл жайлы «заңсыз бұйрығын» орындамау құқығы бар екенін атап көрсетті.

848876
"АҚШ әскерінің заңсыз бұйрықты орындамау құқығы бар"

Америка Құрама Штаттары Стратегиялық қолбасшылығы (STRATCOM) бұрынғы басшысы Роберт Кехлер АҚШ әскерінің президенттің ядролық шабуыл жайлы «заңсыз бұйрығын» орындамау құқығына ие екенін атап көрсетті.

АҚШ Сенаты Сыртқы қатынастар комитетінің отырысында сөз алған Кехлер «Әскерлер заңды бұйрықтарға бағынуға мәжбүр, заңсыз тапсырмаларды орындамау құқығына ие» деді.

Генерал мұндай жағдайда STRATCOM, Ақ үйге қауіп төнбей тұрып, ерте шешім қабылданған жағдайда мұның мүмкін екенін білдірді.

Дегенмен ұлттық қауіпсіздік саласында президенттің жауапкершіліктерінің шектелуіне қарсы екенін атап көрсеткен Кехлер бұл қадамның елдің қорғаныс қабілетіне болымсыз ықпал ететінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар