АҚШ PKK/PYD мен ДАИШ арасындағы келісімді бағалады

Пентагон PKK/PYD мен ДАИШ арасындағы құпия келісімге тарап болмағандарын, бірақ құрметтегендерін мәлімдеді.

847696
АҚШ PKK/PYD мен ДАИШ арасындағы келісімді бағалады

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон), террор ұйымы PKK/PYD-нің Сирияның Ракка қаласын тастап кетуі үшін ДАИШ-пен жасаған құпия келісімінетарап болмағандарын, бірақ мұны құрметтегендерін білдірді.

Пентагон мәлімдемешісі Эрик Пахон террор ұйымдары арасындағы келісімді «жергілікті бір мәселенің, жергілікті шешімі»ретінде бағалағандарын білдірді.

Пахон Раккада жазықсыз азамат санының көпшілігі себепті АҚШ басшылық жасаған ДАИШ-ке қарсы күрес коалицияның әуе шабуылы жасауда қиналған бір жағдайда, Сирияда SDG атымен құрылған PKK/PYD-нің ДАИШ пен аталмыш келісімді жасағанын атап көрсетті.

Келісімнің толығымен азаматтарды қорғау мақсатты екенін атап көрсеткен Пахон «Ортақтарымызбен әрқашан толық келіспеуіміз мүмкін. Бірақ олардың өз мәселелеріне шешім табуына құрметпен қараймыз» деді.

Коалициядан жоғары бір лауазымдының келісімді бақылағанын да атап көрсеткен Пахон коалицияның да бұл келісімнің белсенді бір тарапы емес екенін алға тартты.

Мәлімдемеші қаладан айырылған барлық жазықсыз азаматтардың тексерілгенін араларындағы шетелдік террористтердің тұтқындалғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар