Сирия режим күштері Шығыс Гутаға шабуылдады

Режим күштерінің зеңбірек шабуылында 2 әйел, 2 бала барлығы 5 жазықсыз адам қаза тапты

842742
Сирия режим күштері Шығыс Гутаға шабуылдады

Сирияның бас қаласы Дамаскта Башар Асад режимі қоршауға алған Шығыс Гута аймағына режим күштері жасаған шабуылда 2 әйел, 2 бала барлығы 5 жазықсыз адам қаза тапты.

Шығыс Гута азаматтық қорғаныс тобы баспасөз жауаптысы Әбу Ямин Асад күштеріне қарасты күштердің Сакба ауданына екі рет зеңбірекпен шабуылдағанын атап көрсетті.

Гутада шамамен 400 мың адам кедейлік, ашаршылық және қиын-қыстау шарттарда өмір сүруде.

Режимнің 7 айдан бері арттырған қоршау себепті аймаққа заңсыз жолмен апарылған негізгі азық-түлік өнімдері мен дәрілердің кірісі тоқтап қалды.

Азаматтық жергілікті күштердің мағлұматтарына қарағанда Шығыс Гутада мыңнан астам бала коректену және дәрі-дәрмек жетіспеушілігінен өліммен бетпе-бет.

Шығыс Гута Түркия, Ресей және Иран тарапынан Астана келісімі аясында дағдарысты азайту аймақтарының бірі ретінде қабылданған болатын.

Аймақта 22 шілде күні басталған атысты тоқтату шешімі Асад режимі тарапынан жиі бұзылуда.



Ұқсас жаңалықтар