"Құрлықтан басып алу керек" деді

Бір генерал С.Кореяның ядролық қару базаларын жоюдың жалғыз жолының құрлықтан басып алу екенін айтты.

841227
"Құрлықтан басып алу керек" деді

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінен бір жоғары лауазым иесі соғыс шыққан жағдайда Солтүстік Кореяның ядролық қару базаларын жоюдың жалғыз жолының құрлықтан басып алу екенін айтты.

АҚШ Штаб-пәтер басшысының орынбасары генерал-майор Майкл Ж. Думонт Өкілдер мәжілісі мүшелері Ted Lieu және Ruben Gallego-ға Солтүстік Кореямен соғыс шыққан жағдайда болатын оқиғаларды көрсететін бір хат жолдады.

Хатта «Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасының барлық бөлігін нақты анықтау және жоюдың жалғыз жолы құрлықтан басып алудан өтед» деген сөз қолданған Думонт Солтүстік Кореяны құрлықтан басып алу шешімі берілген жағдайда,  Пхеньянның осы қадамға химиялық және биологиялық қарумен жауап беруі мүмін екенін айтып ескертті.

Сонымен бірге Думонттың ойынша осындай оқиғаларда қанша адамның өлуі мүмкін екенін де болжау өте қиын.



Ұқсас жаңалықтар