АҚШ-та қарулы шабуыл

Оқиғада кемінде екі адам қаза тапты.

839167
АҚШ-та қарулы шабуыл

Америка Құрама Штаттарының Колорадо штатына қарасты Торнтон қаласында бір супермаркетке оқ атылды.  Алғашқы анықтауларға қарағанда екі адам қаза тапты. Бір адам жарақат алды.

Қалалық полиция департаментінің хабарламасына қарағанда,  қалада елдегі ең ірі супермаркеттердің бірінің филиалына қарулы шабуыл жасалды. Полиция оқиғада екі адамның қаза тапқанын,  бір адамның жарақат алғанын хабарлады.

Аймақты қоршауға алған полиция қызметкерлері шабуылдаушының «қимылдамайтынын» білдірді.



Ұқсас жаңалықтар