Нью-Йоркта лаңкестік

Шабуылдаушы өзбек болып шықты.

838290
Нью-Йоркта лаңкестік

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында бір көлік жүргізуші көлігін адамдардың үстіне айдап, 8 адам қаза тапты. 15 адам жарақат алды.

Американың CNN арнасының мәліметіне қарағанда, Бүкіләлемдік Сауда Орталығы маңында болған оқиғада көлік жүргізушісі артынан көліктен түсіп,  төңірекке оқ жаудыра бастаған.

Оқиға болған жерге бомба мамандары жетті.

FBI лауазымдылары мен Нью-Йорк мэрі Билл де Бласио оқиғаны террорлық акт деп атады.

Де Бласио алты адамның оқиға болған жерде,  екі адамның да ауруханада қайтыс болғанын білдірді.

​Полиция қызметкерлері шабуылдаушыны атып жаралады.

Нью-Йорк губернаторы шабуылдаушының жалғыз өзі қозғалғанын айтты.

АҚШ медиасы болса шабуылдаушының 2010 жылы АҚШ-қа Өзбекстаннан келген Сайфулла Саипов екенін хабарлады. Хабарларда шабуылдаушының көлігінен террорлық лаңкестіктің террорлық ұйым ДАИШ атынан жасалғанын көрсететін ағылшыншы жазылған қағаз шыққаны айтылады.



Ұқсас жаңалықтар