Месуд Барзани әкімшілік жауапкерлігін тапсырды

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Месуд Барзани Эрбиль парламентіне әкімшілік жауапкершілігін тапсырды.

836596
Месуд Барзани әкімшілік жауапкерлігін тапсырды

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Месуд Барзанидің жауапкершілігін үкімет, парламент және Әділет комиссиясына қайтару шешімі парламентте өткен дауыс көпшілігімен қабылданды.

Ирак Түрікмен майданы Эрбиль депутаты Айдын Маруф парламенттің міндет мерзімі толған Барзанидің басшылық жауапкершіліктерін үкімет, парламент немесе Әділет кеңесіне өткізуі дауыс көпшілігімен қабылданғанын білдірді.

Маруф парламентте сондай-ақ Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшылық мекемесінің де күшін жоюға шешім қабылданғаны білдірілді.

Месуд Барзани парламентке жіберген хатында 1 қараша күнінен бастап, мерзімі толатын басшылық міндетін «жалғастырмайтынын және мерзімінің созылуын да қабылдамайтынын» жариялаған еді.

Басқа жағынан Месуд Барзанидің міндет мерзімінің толуы себепті жауапкершіліктерін тапсыру аясында ұйымдастырылған отырыс кезінде Күрдістан демократиялық партиясы жақтасы екені алға тартылған бір топ ереуілші парламент ғимаратына кіруге әрекет жасады.

Ғимаратты қоршап алған және қолдарына таяқтар ұстаған ереуілшілер Барзаниді жақтайтын ұрандар тастап, отырыс ұйымдастырылған ғимаратқа кіруге әрекет жасап аспанға оқ атты.

Қауіпсіздік күштерінің операциясымен бетпе-бет қалған ереуілшілер ғимараттан шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар