БҰҰ ҚК алаңдаушылық білдірді

Қауіпсіздік кеңесі Ирактағы тараптарды келіссөзге шақырды.

835312
БҰҰ ҚК алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирак күштері мен пешмерга арасындағы қақтығыстар мен артып отырған келіспеушілікке алаңдаушылықтарын білдірді.  Кеңес тараптарды қауіп пен күш қолданудан аулақ болу және диалог құрылуы үшін күнтізбе қалыптастыруға шақырды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қазан айы төрағасы және Францияның тұрақты өкілі François Delattre кеңесте Ирактағы соңғы ахуал талқыланған жабық жиналыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирак күштері мен Пешмерга арасындағы қақтығыстар және келіспеушілікке алаңдайды.  Тараптарды күш қолданудан аулақ болуға және келісуге шақырады» деді ол.

Қажет болған жағдайда,  БҰҰ-ның Ирактың территория тұтастығын сақтау және келіспеушіліктің азайтылуы тақырыбында көмекке дайын екенін білдірген лауазым иесі Ирак орталық үкіметі мен Ирак күрд автономиясына келіссөз үшін күнтізбе дайындауды ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар