БҰҰ Израиль фирмаларын бойкот етуге шақырды

БҰҰ Палестина арнайы хатшысы халықаралық қоғамды Израиль фирмаларын бойкот етуге шақырды.

835246
БҰҰ Израиль фирмаларын бойкот етуге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары Палестина арнайы хатшысы Michael Lynk халықаралық қоғамға басқыншылық астындағы Палестина жерінде өндіріс жасаған израильдік фирмаларды бойкот ету үшін шақыру тастады.

Michael Lynk БҰҰ Орталық ғимаратында өткізген баспасөз жиналысында БҰҰ Жалпы Кеңесінде адам құқықтары тақырыптарын қолға алған 3-ші комитетке ұсынған жылдық рапортпен байланысты мәлімдеме жасады.

Израильдің 50 жылдан бері жалғасқан басқыншылығы мен «жүйелі адам құқықтары бұзушылығының» күн өткен сайын артып отырғанына назар аударған Lynk, Израильмен басқыншылық астындағы Палестина арасында «үлкен асимметриялық күш айырмашылығы» бар екенін атап айтты.

Халықаралық қоғамның Израильге бағытталған санкцияларының бұл ел әкімшілігінің саясаттарын өзгертуіне ықпал ететінін ұсынған Lynk: «Халықаралық қоғам израильдік фирмалардың басқыншылық астындағы Палестина жерінде өндірген өнімдерді сатып алмай бойкот етсін. Аталмыш фирмалардың сол жерде жұмыс істеулері заңға қарама-қайшы. Израиль шетел, АҚШ пен Еуроодақпен саудаға бағынышты. Бірден израильдіктер шетелге барған кезде визаға мұқтаж болып қалса, Еуроодақпен сауда келісімдері жасалмаса, Израильмен әскери, экономикалық немесе академиялық ынтымақтастық жойылса, израильдіктер мен Израиль үкіметінің ұстанымы өзгере бастар еді. Мұны жасау керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар