Ирак күрд автономиясынан кері қадам

Ирак орталық үкіметімен келіссөз жасауды ұсынды.

833664
Ирак күрд автономиясынан кері қадам

Ирак күрд автономиясы Ирак үкіметімен диалог үшін «бітім және заңсыз референдум қорытындыларының жүзеге асырылмауы» ұсынысын жасады.

Жазбаша хабарламада: «Ирак пен Ирак күрд автономиясы арасындағы қатерлі жағдайдың Ирактық күштер мен пешмерга арасында қақтығысқа итермелемеуі үшін баршаға тарихи жауапкершілік жүктеледі.  Ирак күштері мен пешмерга арасында бүгінге дейін болған қақтығыстар екі жақтың да шығын беруіне себеп болды.  Бұл қанды соғысқа да жол ашуы мүмкін және Иракты бірлестіріп тұрған әлеуметтік құрылымды да ыдыратуы мүмкін» деп айтылды.

Хабарламада Ирак күрд автономиясы және Ирак халқының мүдделері назарға алынып,  Ирак үкіметі мен әлем қоғамына «бітімге келу және Ирак күрд аймақтық әкімшілігіндегі барлық әскери операциялардың тоқтатылуы,  референдум қорытындысының жүзеге асырылмауы және орталық үкіметпен келіссөз басталуы» ұсынысы жасалды.



Ұқсас жаңалықтар