Францияда терроризммен күрес заңы

Жаңа заң Сенатта бекітілді.

829986
Францияда терроризммен күрес заңы

Францияда төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін күшіне енетін терроризммен күрес заң жобасы Сенатта бекітілді.

244 дауыспен қабылданған заң президент Эммануэль Макрон қол қойғаннан кейін Ресми газетте жарияланады.

Елде төтенше жағдай болса 1 қараша күні аяқталады.

Жобаға құрушысы Макрон болып табылатын Республика алға,  Тәуелсіздер мен демократтар одағы қолдау берді.  Орталық оңшыл Республикашылар партиясы,  асыра оңшыл Ұлттық майдан депутаттары қарсы шықты.

Парижде 2015 жылдың 13 қараша күні болған террор лаңкестігінен кейін елде төтенше жағдай жарияланған болатын.  Франция парламенті шілде айында төтенше жағдайды алтыншы рет созған болатын.

Енді төтенше жағдайдағы өкілеттік пен шектеулер жаңа терроризммен күрес заңының құрамына енгізілді.



Ұқсас жаңалықтар